«Тілге құрмет – елге құрмет»

Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында, «Қазақстан халқы тілдері» күніне  орай,  16.09.2025 ж. Өскемен жоғары политехникалық колледжінде «Тілге құрмет – елге құрмет» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Оған 25-ТУ -1, 25- СБ-1 тобының студенттері қатысты.

Сайыс түрінде өткізілген мерекелік іс-шара  25 «СБ-1»  тобының студенті          Тәуекел Алдиярдың орындауындағы  «Еркесылқым» күйімен ашылды. «Қыран» және  «Жас ұлан» командалары арасындағы 6 кезеңнен тұратын сайысты, гуманитарлық пәндер оқытушыларынан құрылған, әділ қазылар алқасы бағалады.  Тартымды да, танымды өткен сайыс «Қыран» тобының «Қазақ тілінің білгірі» атағын жеңіп алуымен аяқталды. Қызықты ойын көрсеткен «Жас ұлан» тобы мен әуезді домбыраның үнімен  тыңдаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған Тәуекел Алдияр Өскемен жоғары политехникалық колледжінің алғыс хатымен марапатталды.

 Осы іс-шараға қатысып , белсенділік танытқан студенттерімізге, көрермен болған қонақтарымызға, сайысқа қатысушыларға төрелік еткен оқытушыларымызға алғыс айтамыз.

Гуманитарлық пәндер ЦӘК