14.05.2024 ж күні «Жалы кәсіптік пәндер» циклдік әдістемелік комиссия онкүндігінің екінші күнгі жоспарына сәйкес, АТП, ЭСН, ЭП, ЭС мамандықтары бойынша білім алатын студенттер арасында конкурс-квест өткізілді. Конкурсқа 4 топ қатысты: 22-КИП-1к, 22-ЭС-1,22-АТП-1,22-ЭП-1. Конкурс-квесттің негізгі мақсаты роботты іске қосу керек. Ол үшін студенттер батареяны тауып, роботқа орнату қажет. Квест жалпы 3 этаптан құрылған. Жалпы квесттен өту уақыты 15 минут. Квесттің бірінші этабы – аудитория есігін ашу. Ол үшін студенттер осциллограф экранында көрсетілген сигнал жиілігін анықтап, ноутбукте орнатылған арнайы бағдарламаға енгізу қажет. Екінші этаптың мақсаты партада жатқан материалдарды төрт топқа бөлу: өткізгіштер, жартылай өткізгіштер, диэлектриктер және металдар. Студенттер материалдарды төрт топқа бөлген соң, материалдардың санын анықтайды. Квест-конкурстың қорытындылау этабында студенттер алдын-ала бұғатталған ноутбукті ашу керек болады. Ол үшін ойынның алдыңғы этабында алынған материалдар санын код ретінде енгізеді. Ноутбук экранында батареяның жасырылған орны көсетіледі. Сол бойынша студенттер батареяны тауып, роботты іске қосады.
Жалпы қатысқан төрт топтың арасында 22-КИП-1к тобы квестті 8 минут ішінде өтіп, бірінші орынды иеленді. Екінші орында 22-ЭС-1 тобы 11 мин. Үшінші орын 22-АТП-1 тобы 12 мин.