Наступает новый 2024-2025 учебный год. В этот знаменательный день, символизирующий начало пути к Олимпу знаний, по всей стране проходят торжественные мероприятия и звучат напутственные слова для 3,9 млн казахстанских школьников.
Государство создает все условия для обеспечения детей качественным образованием и достойным воспитанием. Сегодня 90 тыс. школьников нашей страны начнут получать знания в новых школах, в том числе построенных в рамках масштабного Национального проекта «Комфортная школа». Более 200 тыс. детей сядут за парты школ, прошедших капитальный ремонт.
1 сентября – особенный праздник для первоклашек. В этом году первый звонок прозвенит для 352 тыс. маленьких казахстанцев, а для 219 тыс. одиннадцатиклассников – это последний год в стенах родных школ. Дорогие дети, пусть этот год будет наполнен интересными и полезными открытиями, увлекательными уроками и новыми достижениями.
В этот день хотелось бы еще раз подчеркнуть колоссальную роль педагогов в деле обучения и воспитания подрастающего поколения. Недаром казахский просветитель Ахмет Байтурсынулы обозначил ценность работы учителя небезысвестными строками: «Ұстаз – ұлт келбеті» (Учитель – облик нации). Поэтому важно высоко ценить труд педагога, ведь на его плечах лежит одна из главных задач — просветительская миссия.
Уважаемые коллеги, примите самые искренние слова признательности за ваш благородный труд и преданность избранному делу. Именно вы сегодня не просто обучаете знаниям, но и передаете главные ценности нашего народа. Пусть этот год будет полон свершений и знаменательных событий. Желаю крепкого здоровья, успехов во всех начинаниях и благополучия!
С Днем знаний!
Бүгін 2024-2025 оқу жылының жаңа парағы ашылды. Еліміздің барлық өңірлерінде Білім күнін асыға күткен 3,9 млн бала сүйікті мектебімен, ұстаздарымен қайта қауышты.
Мемлекет оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасауда. Бүгін 90 мыңға жуық оқушы су жаңа мектептерде оқу жылын бастайды. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынғандары да бар. Ал 200 мыңнан астам бала күрделі жөндеуден өтіп, қайта жабдықталған мектептерде білім алады.
1 қыркүйек – алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған балалар үшін ерекше мереке. Бірінші сыныпқа 352 мың бала қабылданды. Ал 11 сыныпқа өткен 219 мың оқушы мектептегі оқуын аяқтайды. Қымбатты балалар, оқу жылы сіздерді жаңа жетістіктерге жетелеп шабыттандыратын қызықты, танымды әрі тағылымды болсын деп тілеймін!
Дәл осы күні ұстаздардың өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі орасан еңбегін де атап өткім келеді. Ұлттың ағартушы ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы «Ұстаз - ұлт келбеті» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан ағартушылық миссиясын адал атқарып жүрген ұстаздардың еңбегі лайықты түрде жоғары бағалануы тиіс.
Құрметті әріптестер, өз мамандықтарыңызға адалдықтарыңыз, ұрпақ ісіндегі жанкешті еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздер балаларға білім беріп қана қоймай, оларға халқымыздың басты құндылықтарын сіңіріп келесіздер. Биылғы оқу жылы жоғары жетістіктер мен толағай табыстарға толы болсын!
Білім күні құтты болсын!