Математикадан жалпы колледждік олимпиада

2025 жылғы 26 қараша күні Өскемен жоғары политехникалық колледжінде 1-курс студенттері арасында математикадан «Айналамыздағы математика» атты олимпиада өтті.

Олимпиаданың мақсаты: студенттерде жеке дара сайысуға қабілетті, бәсекеге қабілеттіліктің сауатты рухын қалыптастыру, күрделі жағдайда қойылған міндеттерге  оңтайлы және дұрыс шешім таба білу дағдыларын дамыту. Математикадан дарынды,  шығармашылықпен жұмыс істейтін студенттерді анықтау.

Әділ-қазылар алқасы:

оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары – Екимова Е.С.,

оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары – Даирбекова А.Е.,

физика пәнінің оқытушысы – Чирцова О.Н.

 

Олимпиада үш турдан тұрды.

1-тур – Тестілеу жұмысы болды.

2-тур – Логикалық тапсырмалар болды.

3 – тур – Практикалық тапсырмалар болды.

 

Жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

1-орын: Ярков Игорь (25-ПО-1)

2-орын: Еркінбеков Әбілмансұр (25-ЭЭП-1к)

3-орын: Закенов Карим (25-ЭЭП-1к)

Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға нақты ғылымдарды игеруде сәттілік, әрі болашақта мамандықты меңгеруде үлкен жетістіктер тілейміз!