2025 жылдың 26 қарашасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру аясында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің кітапханасында «Мен кітапты ашамын — мен әлемді танимын!» атты іс-шара өтті. Іс-шараға 1 курс, 25-ЭЭП-1К тобының студенті Сәкенов Азамат қатысты.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың білім мен тәрбие көзі екенін ұғындыру.
Әдеби шығармалар арқылы ой-өрісін кеңейту, рухани дамуына ықпал ету, кітапқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.