2025 жылғы 26 қараша күні Өскемен жоғары политехникалық колледжінде 1-курс студенттері арасында математикадан «Айналамыздағы математика» атты олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты: студенттерде жеке дара сайысуға қабілетті, бәсекеге қабілеттіліктің сауатты рухын қалыптастыру, күрделі жағдайда қойылған міндеттерге оңтайлы және дұрыс шешім таба білу дағдыларын дамыту. Математикадан дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін студенттерді анықтау. Әділ-қазылар алқасы: оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары – Екимова Е.С., оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары – Даирбекова А.Е., физика пәнінің оқытушысы – Чирцова О.Н. Олимпиада үш турдан тұрды. 1-тур – Тестілеу жұмысы болды. 2-тур – Логикалық тапсырмалар болды. 3 – тур – Практикалық тапсырмалар болды. Жеңімпаздар төмендегідей анықталды: 1-орын: Ярков Игорь (25-ПО-1) 2-орын: Еркінбеков Әбілмансұр (25-ЭЭП-1к) 3-орын: Закенов Карим (25-ЭЭП-1к) Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға нақты ғылымдарды игеруде сәттілік, әрі болашақта мамандықты меңгеруде үлкен жетістіктер тілейміз!
Математикадан жалпы колледждік олимпиада
2025 жылғы 26 қараша күні Өскемен жоғары политехникалық колледжінде 1-курс студенттері арасында математикадан «Айналамыздағы математика» атты олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты: студенттерде жеке дара сайысуға қабілетті, бәсекеге қабілеттіліктің сауатты рухын қалыптастыру, күрделі жағдайда қойылған міндеттерге оңтайл