Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады 🟦Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты. – Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім» деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім – әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болары хақ. Себебі әр мұғалімнің еңбегі – ерен, еліміздің дамуына қосқан үлесі – орасан. Сондықтан бүгін мен білім беру саласында еңбек етіп жүрген барша азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🟦Мемлекет басшысы озық ойлы ұлт болу үшін ең алдымен, білім-ғылымның дамуына баса мән беруіміз керек деп санайды. – Соңғы бес жылда елімізде осы бағытта көп жұмыс істелді. Білім саласына бөлінетін қаржы үш есе артты. 1200 жаңа мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба бойынша заман талабына сай 150 білім ошағы салынды. Сондай-ақ осындай 67 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Балалардың сапалы білім алуына қажетті барлық жағдай жасалуда. Бұл деректі халық білуі керек, себебі мемлекет жас ұрпақтың біліміне және ұстаздардың жағдайына баса назар аударып жатыр. Біз педагогтердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты шараларды қолға алдық. Арнайы заң қабылдадық. Бүгінде ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi Президент поздравил с наступающим Днем учителя 🟦Глава государства отметил особую роль профессионального праздника – Дня учителя, а также подчеркнул, что педагоги пользуются особым уважением в нашей стране. – Миржакыпу Дулатову принадлежат слова: «Учитель – это человек, приносящий самую большую пользу народу». Действительно, учитель – это очень важный человек в жизни каждого из нас. Иными словами, он дает каждому ребенку ориентиры на его жизненном пути. Педагог является источником не только знаний, но и воспитания. Уровень развития и цивилизованности любого общества определяется его отношением к учителям. Безусловно, в стране, где чтят труд учителей, вырастет образованное поколение, которое ждет светлое будущее. Все педагоги трудятся с особой самоотдачей, их вклад в процветание страны бесценен. Поэтому выражаю искреннюю благодарность всем нашим соотечественникам, работающим на ниве просвещения, – сказал Касым-Жомарт Токаев. 🟦По словам Президента, для того, чтобы стать передовой нацией, необходимо уделять приоритетное внимание развитию образования и науки. – За последние пять лет в этой сфере была проделана большая работа. Объем средств, выделяемых на образование, увеличился в три раза. В стране было открыто 1200 новых школ. Реализуется национальный проект «Келешек мектептері», в рамках которого построено 150 образовательных учреждений, отвечающих современным требованиям. Ведется строительство еще 67 таких школ. Создаются все необходимые условия для получения детьми качественных знаний. Этот факт должен быть известен общественности, поскольку государство уделяет особое внимание образованию подрастающего поколения и положению учителей. Принят специальный закон, предусматривающий ряд конкретных мер в целях повышения статуса педагогов и улучшения их социального положения. Заработная плата учителей выросла в 2 раза, – отметил Глава государства. t.me/aqorda_resmi
Президент поздравил с наступающим Днем учителя
Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады 🟦Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты. – Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім» деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұға