Achievements and contests 2023-06-22 07:25:58

Кеңейтілген алқа отырысы

Кеңейтілген алқа отырысы Өскемен қаласы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 5-ші корпусында 2023 жылдың 14 ақпаны күні Шығыс Қазақстан облысы білім асқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті.Осы іс шарада Шығыс Қазақстан облысындағы жаңашыл мұғалімдердің инновациялық – педагогикалық идеяларының к

Кеңейтілген алқа отырысы Өскемен қаласы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 5-ші корпусында 2023 жылдың 14 ақпаны күні Шығыс Қазақстан облысы білім асқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті.Осы іс шарада Шығыс Қазақстан облысындағы жаңашыл мұғалімдердің инновациялық – педагогикалық идеяларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге біздің колледждің жаңашыл педагоктары қатысты. Өскемен қаласы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 5-ші корпусында 2023 жылдың 14 ақпаны күні Шығыс Қазақстан облысы білім асқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті.Осы іс шарада Шығыс Қазақстан облысындағы жаңашыл мұғалімдердің инновациялық – педагогикалық идеяларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге біздің колледждің жаңашыл педагоктары қатысты. Мамаев Максим Андреевич өзінің қомандасымен мехатронды станциялардың жұмысын алқа отырысына жиналған әріптестеріне таныстырды. «Электроника құзіреттілігі» бойынша «WorldSkills Қазақстан 2021» ұлттық чемпионатының жеңімпазы - Зиядабек Досхан Санақбайұлы өзінің спортық ойындарға арналған электронды таблосының тұсауын кесті. Фетисов Павел Дмитриевич мобильді роботтың жұмысын,оның мүмкіншіліктерін жиналғандарға таныстырды. Аталмыш алқа отырысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Чернышева Инесса Александровна модератор болып, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2022 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары және 2023 жылға арналған міндеттері туралы баяндама жасады. Дәулет Серікбаева атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Рахметуллина Сәуле Жадыгерқызы Білікті кадрларды даярлаудағы университет пен облыстық білім беру ұйымдарының өзара әрекеттесуінің перспективалық бағыттары атты баяндама жасады. Өскемен жоғары политехникалық көлледжінің әкімшілігі осы іс шарадағы көрмені ұйымдастыруға белсене қатысқан оқытушылармен студенттерге алғыс білдіреді. Мехатронды станцияларды жинап реттеген Мұратбеков Бекзат пен Киреев Евгений. Мобильді роботты жинап оны бағдарламалаған Литвиненко Егор мен Анищенко Сергей. Жаңашыл педагоктарға олардың шәкірттеріне шығармашылық табыс тілей отырып ,олардың алар қамалдары,бұзар ордалары көп болсын дегім келеді. Көрмеге қатысу мүмкіншілігн сыйлаған колледж директоры Исин Исатай Салихұлына алғысымыз шексіз. Директордың орынбасары Б.Кокенов