Құрметті ұстаздар мен ардагерлер, мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! 💐
🎉 2026 жылғы 5 қазанда Өскемен жоғары политехникалық колледжінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Мерекелік шарада колледж оқытушылары мен ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды. Білім мен тәрбие жолындағы еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!