Колледж жаңалықтары 2026-09-23 08:23:10

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

2026 жылғы 15 қыркүйекте Өскемен жоғары политехникалық колледжінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім инспекторлары студенттермен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, интернет-алаяқтық пен киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Инспекторлар жастарға заң талаптарын сақтау, жеке деректерді қорғау және интернет желісіндегі күмәнді әрекеттерден сақтану жөнінде маңызды кеңестер берді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
#ӨскеменЖоғарыПолитехникалықКолледжі #ҚұқықбұзушылықтыңАлдынАлу #БуллингкеЖолЖоқ #Киберқауіпсіздік #ҚұқықтықСауаттылық #Қауіпсіздік